Қазақстандағы урбанизациялық процестер: тенденциялар мен келешегі

Authors

  • Мақсат Бағдатұлы Налшыбек Магистрант, Еуразия Ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультеті, Саясаттану кафедрасы

Abstract

Соңғы онжылдықтарда жаһандық дамудың басты экономикалық және демографиялық драйверлерінің бірі – урбанизация процесі болып табылады. Қазақстан Республикасында да бұл үрдіс соңғы жылдары айтарлықтай серпін алып, елдің әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік келбетін түбегейлі өзгертуде. Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2018–2022 жылдар аралығында елдегі қала халқының үлесі 57,6%-дан 61,5%-ға дейін өссе, соңғы көрсеткіштер бойынша урбанизация деңгейі 63,1%-ға жетіп, қала тұрғындарының саны 12,8 млн адамды, ал ауыл халқы 7,5 млн адамды құрады. Демографиялық және еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының болжамды есептеулеріне қарағанда, бұл қарқын сақталған жағдайда 2030 жылға қарай қала халқының үлесі 64,2%-ға, ал 2050 жылға қарай 69,4%–70%-ға дейін ұлғаймақ.

Урбанизацияның өсуі заманауи индустрияландыру мен сервистік экономиканың дамуымен тығыз байланысты болғанымен, бұл процестің қарқыны мен бағыты Қазақстан өңірлерінде біркелкі жүрмей отыр. Қалалану ағыны негізінен елдің үш ірі мегаполисіне – Астана, Алматы және Шымкент қалаларына бағытталған. Мәселен, Алматы қаласының халық саны соңғы 10 жылда 42,8%-ға өсіп, 2,3 млн адамнан асса, Алматы агломерациясының жалпы халық саны 3,8 млн адамнан асып түсті.

Published

2026-10-12

How to Cite

Мақсат Бағдатұлы Налшыбек. (2026). Қазақстандағы урбанизациялық процестер: тенденциялар мен келешегі. Foundations and Trends in Modern Learning, (14). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/FTML/article/view/9389