Ерлігімен үлгі болған қазақ қызы
Keywords:
Әлия Молдағұлова, қазақ қызы, Ұлы Отан соғысы, ерлік, батырлық, қаһармандық, тарихи жадыAbstract
Ұлы Отан соғысы жылдары халқымыз үшін аса ауыр әрі сындарлы кезең болды. Майдан даласына елін, жерін қорғау үшін аттанған ер азаматтармен қатар, қазақтың қайсар қыздары да Отан алдындағы борышын өтеуге бел буды. Солардың қатарында ерлігімен ел жадында мәңгі қалған қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағұлова бар. Жастық шағын соғыс өрті шарпыған Әлия небәрі он сегіз жасында майданға аттанып, мерген ретінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарды. Оның қайсарлығы, батылдығы мен Отанға деген адалдығы қазақ қыздарының рухының мықтылығын танытты. Әлияның қысқа ғұмыры мен ерлікке толы жауынгерлік жолы – бүгінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге.
Бұл мақалада Әлия Молдағұлованың өмір жолы, майдандағы әскери қызметі мен ерлігі қарастырылады. Сонымен қатар оның қаһармандық тағдырының тарихи маңызы және кейінгі ұрпаққа берер тағылымы сараланады. Әлия Молдағұлованың ерлігі – соғыс жылдарындағы қазақ қыздарының қайсарлығы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.