ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Authors

  • Тулекова Гулжан Хажмуратовна Ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор, “Тұран“ университеті, https://orcid.org/0000-0003-1731-9600
  • Базарбай Бекем Нұрланұлы
  • Оразғали Азамат Жомартұлы

Keywords:

жасөспірімдер қылмысы, құқық бұзушылық, әлеуметтік факторлар, алдын алу шаралары, отбасылық тәрбие, мектептегі тәрбие, психологиялық тұрақсыздық, құқықтық сана, жастармен жұмыс, әлеуметтік орта

Abstract

Мақалада жасөспірімдердің құқыққа қарсы әрекеттерге бару себептері мен оларды оларды болдырмауға арналған тиімді алдын алу шаралары қарастырылады. Қазіргі қоғамда жастар арасындағы қылмыстық оқиғалардың жиілеуі бұл мәселенің өзектілігін арттырып отыр. Зерттеуде жасөспірімдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, эмоционалдық тұрақсыздығы, отбасындағы келеңсіз жағдайлар, білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыстардың әлсіздігі мен қоршаған орта ықпалы басты қауіп факторлары ретінде сипатталады. Автор Қазақстандағы ресми статистикалық көрсеткіштерді, сауалнама нәтижелерін және ғылыми әдебиеттерді сараптай отырып, жасөспірімдер қылмысының деңгейін бағалап, себеп-салдарлық байланыстарды ашуға тырысады. Зерттеудің басты мақсаты-қылмыстық мінез-құлықтың түпкі себептерін анықтап, оны азайтуға бағытталған нақты ұсыныстар ұсыну. Бұл ретте контент-талдау, социологиялық сауалнама, корреляциялық және сапалық әдістер қолданылады. Жұмыстың нәтижесі ретінде құқық қорғау органдарына, білім беру мекемелеріне, ата-аналар мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған кешенді ұсыныстар жүйесі жасалды.

Published

2025-05-05

How to Cite

Тулекова Гулжан Хажмуратовна, Базарбай Бекем Нұрланұлы, & Оразғали Азамат Жомартұлы. (2025). ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ. Foundations and Trends in Modern Learning, (9). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/FTML/article/view/5991