АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ИНВЕРСИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Abstract
ХХ ғасырдың бірінші жартысында синтаксистік құбылыстарды зерттеуде жаңа көзқарас ретінде прагматикалық синтаксис пен инверсияны зерттеу қажеттілігі туындады [1].
Синтаксистік зерттеулерде тілдің әлеуметтік мақсаты неде, яғни сөйлеу әрекетінде сөйлемнің қолданылуына бет бұру арқылы ашылатын синтаксистік құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі синтаксисті жаңа көзқараспен толықтыру қажеттілігі туындады. Синтаксистік теорияның сәйкес бағытын прагматикалық синтаксис деп атауға болады, оның негізінде лингвистикалық прагматикаға басты назар аударылады.
Лингвистикалық зерттеулердің назары тілдік бірліктер мен оларды қолданушылар арасындағы қарым-қатынасқа, сонымен қатар тілдік бірліктердің, яғни сөйлеу әрекетінің құрамдас бөліктерінің жүзеге асу жағдайларына бағытталған [2].
Бұл тақырып прагматикалық қолдану және ағылшын тіліндегі инверсияның әртүрлі ерекшеліктерін зерттеу тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырады. Ағылшын тіліндегі инверсияның прагматикалық ерекшеліктері аз зерттелген, дегенмен эмоционалды-экспрессивті компонентін зерттеу өзекті сала болып табылады. Сөйлем мен экспрессияның актуалдануы прагматикада семантикалық және коммуникативті маңызды категория ретінде тоғысады. Өйткені бұл жерде субъект өзінің барлық ниетімен бірінші орынға шығарады.
Прагматика – сөйлеудегі тілдік белгілердің қызметін зерттейтін семиотика мен лингвистиканың зерттеу саласы. «Прагматика» термині 1930 жылдардың аяғында енгізілді. ХХ ғасыр Ч.У.Моррис таңбалардың объектілерге қатынасын зерттейтін семантика, синтаксис – белгілер аралық қатынастар бөлімі және сөйлеушілердің белгілерге қатынасын зерттейтін прагматика деп бөлген.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.