Берел

Authors

  • Толқын Қайранбай Магистрант

Abstract

Адам баласының қажеттілігі екі нəрсе: біріншісі-материалдық қажеттілік, екіншісі-рухани қажеттілік. Материалдық қажеттілікке ең алдымен күн көріс болып есептелетін тамақтан бастап, киім баспана жəне тағы басқа болып əрі қарай жалғаса береді. Материалдық қажеттілікке жататынның бəрі де – адамның тіршілік етуіне тікелей керекті, оларсыз өмір сүру мүмкін емес нəрселер. Ал рухани қажеттіліктер адам санасына сезім мүшелері арқылы қабылданып, сол адамға лəззат сыйлайтын, сол адамның жанын рақаттандыратын жағымды дүниелер. Бірақ та сезім мүшелері арқылы қабылданғанның бəрі адам жанын рақаттандыра берді деуге болмайды, олардың ішіндегі ерекше əсем дүниелер ғана адам жанын шаттыққа бөлейді. Сонда ғана мына өмір мəнді, мағыналы, қызықты бола түседі. Бұл адамзаттың ілгері басуына, көркейіп, дамуына ең ықпал ететін фактор. Рухани қажеттілік адамның сипатын өсіреді.

Published

2024-06-24

How to Cite

Толқын Қайранбай. (2024). Берел. Foundations and Trends in Modern Learning, (6). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/FTML/article/view/3889