ОМОНИМДЕРДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖИІЛІК СӨЗДІКТЕРІНІҢ МӘНІ
Abstract
Тілді оқыту әдістемесі педагогика ғылымының даму үрдісі мәнмәтініндегі білім концепциясындағы өзгерістерді қамти отырып, өз алдына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Қазіргі білім беру ісіндегі концептуалды өзгерістер мен жаңа көзқарастар тілді, тілдік бірліктермен байланысты ұғымдарды меңгертуде оқыту нәтижесінің сан қырлылығын талап етеді. Жоғары оқу орнындағы білім алушының білім нәтижесін тек білімнің мазмұндық бөлігін игерумен ғана шектеуге болмайтындығы бүгінгі әдістеме ғылымында басы ашық жайт. Осы себепті де, білім алушының білім нәтижелеріне жету жолындағы оқу/іздену әрекеттері мен ойын жинақтау, жүйелеу, негіздеу, дәйектеу, жеткізу сияқты танымдық әрекеттері барысындағы іс-дағдыларын қалыптастыру мен орнықтыру – қазіргі оқыту үдерісінің кешенді нәтижелерінің құрамдас бөлігі саналады. Тілдегі омонимия құбылысы экстра және интралингвистикалық факторлардың нәтижесінде пайда болатын құбылыс. Осы жайттың пайда болу жолдары мен олардың лингвистикалық сипатын ғылым дамуының қазіргі антропоөзекті парадигмаларымен сабақтастыра түсіндіру жолында омонимдерді жалаң құрылымдық-формалық құбылыс емес, күрделі когнитивтік-семантикалық үдеріс нәтижесі ретінде пайымдауды қажет етеді. Осы ғылыми сабақтасқан білімдер жүйесін меңгертуде қазіргі таңда қазақстандық білім кеңістігінде кеңінен қанат жайған педагогикалық технологиялар мен әдістердің жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін толыққанды тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатта қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың 212 лингвистикалық білім мазмұнымен тиімді сабақтастыру жоғары оқу орнында берілетін білімнің игерілу коэфицентін арттыруға негіз болады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.