ЖАҢА ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ФОРМАТЫНА СӘЙКЕС: МӘРИЯМ ХАКІМЖАНОВА ПОЭЗИЯЛАРЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИЕТКЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР

Authors

  • Қожекеева Бекзада ф.ғ.к., қауымд. профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Сейдахметова Жұлдыз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 2-курс магистранты, Алматы, Қазақстан

Keywords:

поэзия, инновациялық технология, интербелсенді әдістер, оқушылар дүниетанымы, білім кеңістігі

Abstract

Ұлттық поэзия патшалығына өзінің көрінісі мен ерекшеліктерімен келген, нәзік лиризммен және терең әсерлі ойлармен адами және гуманистік қырларды еркін жырлаған Мәриям Хакімжанова уақыт талаптарын мұқият зерттеді. Мәриям Хакімжанованың поэтикалық өнері таланттың күшімен, көркемдік энергиясымен және шындықтың сипатымен көрініс табады. Мен мәдениеттің аса маңызды аспектілерін зерттеп, ақынның әлеуметтік құрылымы мен әдемілігі тоғысқан шығармаларынан қазақ халқының өткенін аштым. Сондай-ақ ақын поэзиясын тиімді оқытудың жолдарын ұсындым және оны оқушыларға жеткізу дағдысын тұжырымдадым. Өлең шумақтарынан этномәдени ұғымдарды тауып, оның мәні мен маңызын, мағынасы мен балаларға меңгерту жолдарын интербелсенді әдістер арқылы айқындадым. Сонымен қатар, өлеңнің әрбір сөзі, тармағындағы тарихын оқушыларға жекелей жіті түсіндіру үшін инновациялық әдістер негізінде құндылықтарды тереңінен қозғап, мағынасын толығымен жүйелеп, жан-жақты іздене алуын ескере отырып, оңтайлы тәсілдерді біріктірдім.  

Published

2023-05-01

How to Cite

Қожекеева Бекзада, & Сейдахметова Жұлдыз. (2023). ЖАҢА ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ФОРМАТЫНА СӘЙКЕС: МӘРИЯМ ХАКІМЖАНОВА ПОЭЗИЯЛАРЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИЕТКЕ ҚАТЫСТЫ АТАУЛАРДЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР. Foundations and Trends in Modern Learning, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/FTML/article/view/1372