THE EVOLUTION OF THE ILLUSTRATION OF THE NATIONAL IDEA IN THE VISUAL ARTS
Keywords:
Ұлттық болмыс, руханият, бейнелеу өнері, қайта жаңғыруAbstract
Тақырып бойынша қойылып отырған идеяның мазмұнын ашу, алдымен, бірегейленудің себептерін, ұлттық идеяның мәнін, оның өнердегі көріністерін қысқаша сипаттап алуды қажет етеді. Әлемдегі әрбір халықтың бірегейленуі (идентификациясы) оның руханиятымен астасып жатыр. Бірегейлену тарихи эволюцияда мынадай жағдайларда табиғи түрде көрініс табады деп тұжырымдай аламыз:
- халықтың ұлттық болмысына нұқсан келіп, ділі мен тілі, әдет-ғұрпы мен сал-дәстүрі құлдырауға ұшырағанда немесе жойылу жағдайында; Осы үдеріске кері реакция ретінде ұлт өзінің болмысын қайтадан өзіне шақырады.
- ұлт немесе олар құрған мемлекет өзінің әлемдік саяси сахнадағы беделін арттыра түсу қажеттігі туғанда; Мемлекет өзін әйгілеу үшін ұлттық болмысы мен мемлекеттік мүддесін қайтадан оятып, күшейте түсуді қалайды.
- халық саны азая түскенде; Аз халықтың демографиялық тұрғыдан жер бетінен жойылып кету қаупіне сәйкес, олар болмысын одан әрі арттыра түсуді қалайды
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.