ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЗИЯТЫНЫҢ ЖЕҢІЛ ТҮРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДИАЛОГТІК СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
Keywords:
диалогтік сөйлеу, сөйлеу дағдысы, қазақ тілі сабағы, зиятында жеңіл бұзылысы бар оқушылар, жоғары сынып оқушылары, тілдік қарым-қатынас, коммуникативтік құзыреттілік, инклюзивті білім беру, түзету-дамыту әдістері, арнайы педагогикаAbstract
Бұл мақалада зиятында жеңіл бұзылысы бар жоғары сынып оқушыларының қазақ тілі сабақтарында диалогтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістері қарастырылады. Диалогтік сөйлеу – оқушының тілдік қатысымға түсу, ойын еркін жеткізу және қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату қабілетін дамытатын маңызды коммуникативтік құрал. Зиятында бұзылысы бар оқушылардың тілдік дамуы баяу қарқынмен жүретіні белгілі, сондықтан қазақ тілі сабақтарында арнайы ұйымдастырылған диалогтік жаттығулар мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану – олардың сөйлеу белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мақалада диалогтік сөйлеуді дамытуға бағытталған әдістер жүйесі, жұмыс түрлері мен тапсырмалар үлгілері берілген. Сонымен қатар, автор диалогтік әрекетті қалыптастырудың сатыларына, мұғалім мен оқушы арасындағы тілдесімнің маңыздылығына назар аударады. Зерттеу нәтижелері жеңіл деңгейдегі зият бұзылысы бар оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін жеке және сараланған тәсілдерді қолданудың тиімді екенін көрсетеді. Мақала дефектология, логопедия және инклюзивті білім беру саласындағы мамандарға, қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.