1921-1922 жж. ашаршылық қарсаңында Түркістан (Сырдария обылысы мысалы негізінде. 1917-1918 жж.)

Authors

  • Анарбай Өскенбайұлы Раджапов қауымдастырылған профессор м.а., «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасы, Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Раджапов Анарбай Ускенбайулы и.о. ассоциированный профессор кафедры «Социально-гуманитарные дисциплины», Казахская академия спорта и туризма
  • Anarbay Uskenbayevich Radzhapov Acting Associate Professor of the Department of Social and Humanitarian Disciplines, Kazakh Academy of Sports and Tourism

Keywords:

Түркістан, Сырдария облысы, ашаршылық қаупі, Уақытша үкімет, Кеңес өкіметі

Abstract

Мақала уақытша үкімет және енді ғана билікке келген кеңес өкіметі тұсындағы Түркістан өңіріндегі ашаршылық қаупі, онымен күрес жолындағы іс-шараларды зерделеуге арналады.  Мақаланың әдіснамалық негізін басты дереккөз ретінде 1917 жылдың маусымы мен 1918 жылдың сәуірі аралығында шығып тұрған «Бірлік туы» газетінің жарияланымдары құрайды. Газет басылымдарына шолу Түркістан өңірін шарпыған ашаршылық қаупін анық көрсетеді. Автордың ойынша, 1921-1922 жж. Қазақстанды шарпыған алапат ашаршылықтың түп тамыры Азамат соғысы жылдарындағы большевиктердің «солақай саясаты» мен сол жылдары орын алған қуаңшылық қана емес, ол 1917-1918 жылдардан бастау алады. Оған ертеректе басталған, қазақты құнарлы, сулы, шұрайлы жерінен айырған, сәйкесінше, тұрғындардың жаппай кедейленуіне алып келген қоныс аудару саясатының да айтулы ықпалы болды

Published

2024-12-02

How to Cite

Анарбай Өскенбайұлы Раджапов, Раджапов Анарбай Ускенбайулы, & Anarbay Uskenbayevich Radzhapov. (2024). 1921-1922 жж. ашаршылық қарсаңында Түркістан (Сырдария обылысы мысалы негізінде. 1917-1918 жж.). Academics and Science Reviews Materials, (8). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ASCRM/article/view/4784