Қазақстандағы жастар туризмінің дамуы: зерттеуге тұжырымдамалық көзқарас

Authors

  • Фатай Нұрлы Қайсарқызы Магистрант, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы

Abstract

"Жастар" түсінігі әртүрлі дереккөздерде әртүрлі жас аралығын қамтуы мүмкін, себебі бұл ұғымға қатысты нақты әрі біркелкі анықтама жоқ. Дегенмен, жалпы алғанда, бұл өмірдің жастық шақ пен ересектікке өту кезеңін сипаттайды. Мысалы, Дүниежүзілік жастар мен студенттер және білім беру ұйымы (World Youth Student and Educational) жастар туризмін келесі түрде сипаттайды: бұл туризмнің бір түрі, оған ата-анасының немесе қамқоршысының сүйемелдеуімен жүрмейтін тәуелсіз саяхатшылар қатысады. Мұндай саяхаттардың ұзақтығы бір жылдан аспайды, ал саяхатшылардың жасы 15 пен 29 жас аралығында болады [1]. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл шеңберді 10-24 жас деп белгілейді [2], ал Біріккен Ұлттар Ұйымы мәліметінше, жастар санатына 15-24 жас аралығындағы адамдар кіреді [3]. Қазақстанда жастар санаты 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды [4].

Published

2024-12-02

How to Cite

Фатай Нұрлы Қайсарқызы. (2024). Қазақстандағы жастар туризмінің дамуы: зерттеуге тұжырымдамалық көзқарас. Academics and Science Reviews Materials, (8). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ASCRM/article/view/4758