ТЕХНОГЕНЕЗ ЖАҒДАЙЫНДА ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ КЕШЕНДІ ТӘСІЛІ

Authors

  • Әйтен Г.М. 2-курс магистранты, «Экология» мамандығы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау Университеті, Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы

Keywords:

техногенез, экожүйелер, биогеохимиялық тұрақтылық, экологиялық мониторинг, химиялық талдау, математикалық модельдеу, биологиялық индикаторлар, экологиялық әсер, ластану, экологиялық инженерия, тұрақты даму, табиғат пен адам қарым-қатынасы

Abstract

Бұл мақалада техногенез жағдайында экожүйелердің биогеохимиялық тұрақтылығын бағалаудың кешенді тәсілі қарастырылады. Экожүйелердің биогеохимиялық тепе-теңдігін сақтау адам әрекеттерінің экологиялық әсерінен күрт өзгеріп, күрделі мәселелер туындататын жағдайға айналуда. Мақалада техногендік ластанудың экосистемаларға әсерін зерттеудің әр түрлі әдістері мен тәсілдері талданады. Авторлар экологиялық мониторинг, химиялық талдау, математикалық модельдеу және биологиялық индикаторлар арқылы техногендік өзгерістердің экожүйенің биогеохимиялық сипаттамаларына ықпалын бағалауды ұсынып отыр. Әсіресе, табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты ескере отырып, экожүйелердің тұрақтылығын сақтау үшін кешенді бағалау әдістерінің маңызы айқындалады. Бұл зерттеу экология, экологиялық инженерия және тұрақты даму салаларында өзекті болып табылады және экожүйелердің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында маңызды құрал болуы мүмкін

Published

2024-12-02

How to Cite

Әйтен Г.М. (2024). ТЕХНОГЕНЕЗ ЖАҒДАЙЫНДА ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІҢ БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ КЕШЕНДІ ТӘСІЛІ. Academics and Science Reviews Materials, (8). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ASCRM/article/view/4755