БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА

Authors

  • Асқарқызы А. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Асембайұлы Е. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Keywords:

кәсіптік оқыту, робототехника, педагогикалық әдіс-тәсілдер, шығармашылық, жетілдіру, жобалау-зерттеу

Abstract

Бұл мақала «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша колледж студенттеріне робототехниканың оқыту әдістерін жетілдіру мақсатында алынып отыр. Бұл мақаланың басты өзектілігі – студенттерді кәсіптік мамандығы бойынша оқыта отырып,олардың бар қызығушылығын қазіргі заманға сай заманауи робототехниканы оқыту және соны дамыту жолындағы әдістемелерді жетілдіру болып табылады. Осы тақырыпты қозғау барысында кәсіптік мамандықтың маңызы ашылып, студенттердің робототехникаға деген шығармашылық сауаттылығын арттыру және осы саланың оқыту әдістемелері қаралып оның кемшіліктері мен артықшылықтары зерттелді. Сонымен бірге, бұл әдістемелерді жетілдірудің арқасында біз болашаққа деген студенттердің сенімін арттырып, робототехника арқылы көптеген жұмыстарды жеңілдетуге болатыны туралы мәселелер қарастырылды. Бұл зерттеудің міндеттемесі - мұғалімдерді кәсіптік оқытудың құрылымымен, мазмұнымен, мақсаттарымен және міндеттерімен таныстыру; мұғалімдерді студенттердің шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру. Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша колледж студенттеріне робототехниканы оқыту әдістемесін жетілдіру арқылы студенттерге түсінікті әрі қызықты әдістемелер арқылы сабақ өтіп және осы педгогикалық іс-әрекеттің арқысында студенттердің болашаққа,қоғамға деген үлесін арттыру.

Published

2024-05-06

How to Cite

Асқарқызы А., & Асембайұлы Е. (2024). БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА. Academics and Science Reviews Materials, (6). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ASCRM/article/view/3520