Биология сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудағы дамыта оқытудың рөлі
Keywords:
білім беру, шығармашылық қабілет, биология сабағы, дамыта оқыту, әдіс-тәсілдер, жаңа технологияAbstract
Бұл мақалада білім беру үдерісінде биология сабағынан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары қарастырылды. Жаңа білім беру жүйесі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алады. Ал мұғалім оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, сапалы білім алуына себептер мен жағдайлар тудыруға ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалып, сабақ үстінде қойылатын кез келген сұрақтарға және ситуациялық жағдайларда оқушыға қажетті бағдар беруге дайын болуы керек. Мұғалімнің басты міндеті – оқушылардың биологиядан білім мен біліктерін жүйелі байланыстыра отырып, оны дағдыға айналдыру арқылы сапалы білім үйрету болып табылады. Жаңа технологияларды биология сабағын оқытуда тиімді қолдану көмекші оқу құралдар арқылы жүзеге асады. Көмекші оқу құралдарының атқаратын қызметі, негізінен, оқыту үдерісін жеңілдете отырып, оқу уақытын үнемдеу, сондай-ақ сабақ мазмұнының интерактивтілігін күшейту, мол ақпарат беру, оқытушы мен оқушының оқу әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Мұғалім күнделікті сабағын түрлендіріп, ғаламтор желісін пайдаланып, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, оқушыны ойлантуға жетелеу мен бірге, өз ойын ортаға салуға, басқалар мен пікір таластыра алуына көмектеседі.