Цифрлық технологиялар негізінде білім алушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытудың тиімді әдістері

Authors

  • Смағұл Ботакөз Қытайбайқызы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан)

Keywords:

цифрлық білім беру, цифрлық технологиялар, интеллектуалдық қабілет, электрондық білім беру ресурстары, информатика курсы

Abstract

Цифрландырудың қарқыны студенттердің техникалық білімін, дағдылары мен қабілетін дамытытудың жаңа технологиялары мен әдістерін қажет етуде. Информатика курсында мұғалім студенттерге мета-пәндік білім беру нәтижелері ретінде интеллектуалдық қабілетін қалыптастыруды көздейді.  Соңғы кезде информатика пәні бойынша қолданыстағы оқу-әдістемелік материалдар студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін  анық  көрсете алмайды. Зерттеудің мақсаты – цифрлық білім беру базасын құру негізінде студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған информатика курсын оқытудың тиімді әдістерін анықтау.Зерттеу нысаны –цифрландыру мақсатында информатика пәнін оқыту үдерісі. Зерттеуде студенттердің интеллектуалдық қабілет ұғымының анықтамасы жіктеліп, оны дамытудың  тиімді әдістер анықталды. Зерттеу нәтижесінде интеллектуалдық қабілетті дамытудың техникалық аспектілері, цифрландыру үдерісінде ақпарат алу, коммуникация мәселелері қамтылды. Зерттеу нәтижесінде білім алушының интеллектуалдық қабілетін цифрлық құралдар көмегімен дамытуда сабақта қолданылатын тиімді әдістер көрсетілді.

Published

2023-10-08

How to Cite

Смағұл Ботакөз Қытайбайқызы. (2023). Цифрлық технологиялар негізінде білім алушылардың интеллектуалдық қабілетін дамытудың тиімді әдістері. Academics and Science Reviews Materials, (4). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ASCRM/article/view/2231