БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЕРЕКТІК АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
Abstract
Бұл зерттеу жұмысында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының физикалық-географиялық жағдайына кешенді талдау жүргізіліп, геоинформациялық жүйелер (GIS) технологиялары негізінде аумақтың физикалық картасы құрастырылды. Зерттеу барысында сандық биіктік моделі (DEM), SRTM деректері, гипсометриялық талдау, hillshade модельдеу және картографиялық әдістер қолданылды. Аудан аумағының жер бедерінің морфометриялық ерекшеліктері, абсолюттік биіктіктердің таралу заңдылықтары, гидрографиялық тордың қалыптасуы және геоморфологиялық құрылымы анықталды. GIS технологияларын пайдалану арқылы зерттеу аумағының кеңістіктік дифференциациясы мен жер бедерінің батыстан шығысқа қарай біртіндеп биіктеу үрдісі айқындалды. Картографиялық талдау нәтижесінде Теректі ауданы аумағы төмен жазық, толқынды жазық және қыратты геоморфологиялық аймақтарға жіктелді. Зерттеу нәтижелері аумақтың табиғи-ресурстық әлеуетін тиімді пайдалануға, жер ресурстарын ғылыми негізде бағалауға және өңірлік геожүйелерді картографиялық зерттеуге ғылыми-тәжірибелік негіз болады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.