ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЖАҚСАРТУҒА ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ФЕРМЕНТТЕЛГЕН КҮРІШ КЕБЕГІМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ФУНКЦИОНАЛДЫ НАН-ТОҚАШ ӨНІМДЕРІН ЖАСАУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕУ
Keywords:
функционалдық өнім, нан-тоқаш өнімдері, күріш кебегі, ферметтелген күріш кебегі, тағамдық және биологиялық құндылықAbstract
Қазіргі таңда функционалды тағам өнімдерін дамыту алиментарлық тәуелді аурулардың, соның ішінде семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамыр патологияларының алдын алуда маңызды ғылыми бағыт болып табылады. Әдеби деректерді талдау көрсеткендей, күнделікті тұтынатын нан-тоқаш өнімдерін биологиялық белсенді компоненттермен байыту тиімді тәсілдердің бірі болып саналады. Осы тұрғыдан күріш кебегін пайдалану ерекше қызығушылық тудырады. Ферментация процесі шикізаттың қоректік құндылығын арттырып, биожетімділігін жақсартады, антиоксиданттық қасиеттерін күшейтеді және өнімнің сіңімділігін жоғарылатады. Осылайша, ферменттелген күріш кебегімен байытылған нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу халық денсаулығын нығайтуға бағытталған ғылыми негізделген және перспективалы бағыт болып табылады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.