«Егемендік шеруінің» барысы мен маңызы
Keywords:
Егемендік шеруі, егемендік декларациясы, тәуелсіздік, республика, Қазақстан, саяси жүйе, ұлттық сана, КСРО-ның ыдырауыAbstract
ХХ ғасырдың соңында орын алған «Егемендік шеруі» - Кеңес Одағының ыдырау қарсаңындағы ең маңызды саяси және тарихи құбылыстардың бірі. Бұл процесс КСРО құрамындағы одақтас республикалардың бірінен соң бірі өздерінің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияларын қабылдауынан басталды.
Мақалада «Егемендіктер шеруі» деп аталатын тарихи үдерістің барысы мен маңызы қарастырылды. Зерттеу барысында егемендік туралы декларациялар қабылдаудың алғышарттары, оның саяси және әлеуметтік себептері, сондай-ақ бұл құбылыстың кеңестік жүйенің ыдырауына әсері анықталды.
1988-1991 жылдары республикаларда орын алған егемендік қозғалыстарының ұлттардың өзіндік санасының оянуы, орталықтан бөліну үрдістері және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы көрінісінде сараланды. Сонымен қатар, Қазақстанның егемендік декларациясын жариялауы және саяси жүйесінің айқындалуы талданды.
Зерттеу нәтижесінде «Егемендік шеруі» тек саяси құбылыс қана емес, посткеңестік кеңістіктегі жаңа ұлттық мемлекеттіліктің бастауы болған тарихи процесс екені дәлелденді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.