Тарих тәлкегінде қалған Кене хан
Keywords:
Кенесары Қасымұлы, тәуелсіздік, отаршылдық, хандық жүйе, бекіністер, округтерAbstract
Қазақ тарихындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық соғыс көптеген тарихшылардың еңбектеріне арқау болған атышулы саяси оқиғалардың бірі. Кеңес заманынан бері Кенесары бастаған соғыстың халыққа және елдің дамуына жасаған кері әсері және монархияны қайта қалпына келтіруге тырысып, феодалды қозғалыс болғандығы жөнінде керітартпа әрі әділетсіз баға берілген еді. Уақыт өте келе Кенесары бастаған ұлт-азаттық соғыстың шындығы ашылып, жалған мәліметтер жоққа шығарылды. Бұл мақалада Кенесары бастаған соғыстың тарихы мен Кенесары тұлғасына қатысты жазылған түрлі тарихи мақалалар мен монографияларға салыстырмалы талдау жасалынады. Кеңес билігі кезінде шыққан тарихи энциклопедиялардағы Кенесары бастаған қозғалысын талдаудағы өзгерістер бағамдалып, бұл еңбектердегі бағалар саяси талап шеңберінен шыға алмай, шындықтан алыс екенін көрсетті. Мақаланы жазуда мәселелі-хронологиялық әдіс және тақырып мазмұнын байыпты түрде жеткізу үшін жүйелілік-құрылымдық талдау пайдаланылды. Кенесарының тек Ресейге қарсы емес, Қоқан мен Хиуаға қарсы соғыстары, оның тактикалық шеберлігі, дипломатиялық өнері, хан атанған соң енгізген реформалары, қазақ халқын отырықшыландыруға және елді біріктіруге қосқан сүбелі үлесі байыпталып, талданады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.