ҚАЙТАЛАНАТЫН ТІЛДІК ҰҒЫМДАРДЫ ПӘНІШІЛІК КІРІКТІРУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ИГЕРТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Abstract
Қоғам талабына сай білім сапасын көтерудің, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеудің басты бір әдісі- пәндерді кіріктіре оқыту. Кіріктіре оқыту— процесс және нәтиже. Процесс ретінде оқу материалын қосу, біріктіру, жақындату мақсатын ұсынатын тұтас дидактикалық жүйе болса, нәтиже–тұлғаның әлеуметтенуі, шығармашылық ойлауының дамуы. Яғни интеграциялауды бір тұтас болатындай бөліктерді бүтін шығатындай етіп біріктіру деуге болады. Кіріктіре оқыту – кез келген мәселені емес, бір заңдылыққа, бір тұжырымдамаға бағынатын бір ұғымды кешенді түрде әр түрлі мақсатта (бірнеше пәннің немесе бір пәннің негізінде) жан-жақты қарастыратын, пәндерден алған білімді толықтыратын, нақтылайтын, жақындастыратын, олардың арасындағы байланысты, айырмашылықты айқындайтын, тұтас білім қалыптастыратын жүйе. Интеграция дәстүрлі пәннен алған білімді жаңаша сипатта (жан-жақты толықтырылған) талдау, нақтылау, толықтыру тәсілі болып табылады. Яғни пәндік білімді пәнаралық байланыс арқылы алған жаңа біліммен байланыстыру, қосу арқылы білімді бір тұтас жүйеге айналдыру. Пәнаралық байланыста оқушының білімін жақын пәндерді пайдалану арқылы толықтыру, нақтылау, кеңейту мақсаты болса, интеграциялы оқытудың нақты мақсаты– пәндерді кіріктіре оқыту негізінде құбылыстың ерекшеліктері, заңдылықтары, практикалық тиімділігі негізінде оқушының құбылысқа басқаша талдау жасау арқылы ойлау, өзбетімен іздену, басқа пәндердің негізінде тақырыпты басқа қырынан кеңірек қарастыру, өзіндік тұжырымдар жасау, шығармашылық ойлауды туғызатын ғылыми ойлауын қалыптастыру.