ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДІНИ-МИФТІК САРЫНДАР

Authors

  • Кунирова Айсулу Тулегеновна М.Өтемісов атындағы БҚУ филология факультетінің магистранты
  • Акбулатов Айдарбек Ахметұлы философия докторы (PhD), доцент

Abstract

Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуында ұлттық бағдар айқынла бастады. Заманның ағымымен орай, уақыт пен кеңістік тұрғысынан алсақ, Тәуелсіз Қазақстан кеңістігінде 1991 жылдан бергі уақытта түрлі жабық тақырыптар терең қозғала бастады. Солардың бірі діни сарындағы шығармалар. Ақын-жазушылар өздерінің шығармашылығында жетпіс жыл бойы атеисттік қоғамда өмір сүрген, мүмкіндік болмаған дүниелерге, адамның сенімі, дін мәселесіне ерекше қызығушылық танытты. Бұл бір жағынан бос рухани кеңістікті толтыру, рухани жалаңаштанған әлемдегі адамның бойындағы ар мен иманның әлсіреуіне рухани демеу болуды көздеген талпыныс деуге болар еді.

Тәуелсіздіктің келуімен әдебиетімізде бұрын бүркемеленіп, тіпті жабық күйінде болған имандылық, дін мәселесіне тікелей қатысты шығармалар мен тақырыптар төңірегінде ғалым Г.С. Балтабаева: «...бүгінгі қаламгерлер тарапынан тың тұрғыда түлеген мұсылмандық ұғымдардың көркемдік сипаты басым болып табылады. Ой-сана еркіндігі, тәуелсіз қаламгерлердің тың тынысын ашты. Бұл исламдық тақырыпқа қалам тербеген туындылардан анық байқалады және бұл көкейкесті мәселені көркем бейнелеудегі қаламгерлердің түрлі шеберлік қырлары ашылады» [1,4], - деп түйіндейді.

Published

2023-03-20

How to Cite

Кунирова Айсулу Тулегеновна, & Акбулатов Айдарбек Ахметұлы. (2023). ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДІНИ-МИФТІК САРЫНДАР. World Scientific Reports, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/WSR/article/view/1082

Issue

Section

Philological Sciences