Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары

Authors

  • Сапарбайқызы Ш. п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а., 87013959864, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
  • Рысдәулет Гүлсая МНПМНО-21магистрант, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Abstract

         Инклюзивті білім хх ғасырдың шындығы ретінде танылды. Бұл салада білім беру, болашақ тәжірибелі мамандарды дайындау қажетілігі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде күн тәртібінде тұр. Әсіресе, мектепке дейінгі, бастауыш сыныптағы кезеңдерде жеке тұлға мен мінездің негіздері, өзіне және қоршаған әлемге деген көзқарасы, педагогикалық ықпалға жауаптылығы, дағдысы, қабілеттері дамитыны бәріне белгілі [1,7б.]. Біздің елімізде денсаулығы ерекше қабілеттері бар балаларды білім беру ұйымына біріктіру және қамту үдерісінің таралуы тек қазіргі уақыттың көрінісі ғана емес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың білім алуға құқықтарының жүзеге асырылуын білдіреді [2, 56-57 б.].

Жаңа мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізумен мұғалімдердің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұрды, атап айтқанда денсаулығы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту. Әрине, бұл идеялар жаңалық емес, сонау өткен ғасырдың 30-жылдарында көрнекті педагог Л.С. Выгодский инклюзивті білім беру идеясын балалардың әлеуметтік салдарын, генетикалық немесе биологиялық даму кемістіктерін жеңу, баланың физикалық кемістіктерін табысты әлеуметтік тәжірибесі үшін жағдай жасау мақсатында арнайы және жалпы білім беруді органикалық түрде біріктіретін педагогикалық жүйе ретінде негіздеді.

Published

2023-03-20

How to Cite

Сапарбайқызы Ш., & Рысдәулет Гүлсая. (2023). Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. World Scientific Reports, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/WSR/article/view/1079

Issue

Section

Pedagogical Sciences