ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ТАРИХТЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Authors

  • Садыкова Айгул Маратовна PhD докторы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, Павлодар қ., Қазақстан
  • Каримова Анара Еркеновна тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан
  • Камали Айтгүл Ерсінқызы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының магистранты, Павлодар қ., Қазақстан

Keywords:

интерактивті оқыту, дарынды оқушылар, тарихты оқыту әдістемесі, танымдық белсенділік, интерактивті әдістер, саралап оқыту

Abstract

Мақалада дарынды оқушыларға тарихты тереңдетіп оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері мен тиімділігі қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі заманауи білім берудегі Student Agency тұжырымдамасы мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру қажеттілігінен туындайды. Авторлар дебат, кейс-стади және жобалық оқыту сияқты технологиялардың дарынды балалардың аналитикалық ойлауын, сыни пайымдауын және зерттеушілік дағдыларын дамытудағы рөлін негіздейді.

Мақалада интерактивті әдістердің когнитивті дамуға әсері дескрипторлық модель түрінде жүйеленіп, отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдамаларына салыстырмалы талдау жасалған. Педагогикалық эксперимент нәтижелері интерактивті оқытудың оқушы мотивациясын арттырып, тарихи материалды терең меңгеруге және әлеуметтік құзыреттіліктерді шыңдауға қолайлы орта қалыптастыратынын дәлелдейді. Зерттеу қорытындысы бойынша дарынды оқушының зияткерлік әлеуетін іске асыруға бағытталған даму моделі ұсынылған.

Published

2026-04-13

How to Cite

Садыкова Айгул Маратовна, Каримова Анара Еркеновна, & Камали Айтгүл Ерсінқызы. (2026). ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА ТАРИХТЫ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (13). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/8285