Қазақ тілі және ұлттық құндылықтар (10-сынып) (Авторлық бағдарламаны тәжірибеде қолдану және зерттеу нәтижелері)
Keywords:
қазақ тілі, ұлттық құндылықтар, авторлық бағдарлама, тілдік құзыреттілік, мәдени код, құндылыққа бағытталған оқыту, функционалдық сауаттылықAbstract
Бұл мақалада 10-сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі және ұлттық құндылықтар» атты авторлық бағдарламаның мазмұны, оны оқу үдерісіне енгізу жолдары және зерттеу нәтижелері баяндалады. Бағдарлама оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыра отырып, ұлттық құндылықтарды терең түсінуге, оларды құрметтеуге және қоғамдық өмірде орынды қолдануға бағытталған. Мақалада қолданылған әдістердің тиімділігі, сабақтардағы тәжірибелік жұмыс нәтижелері, бағдарламаның мұғалімдер мен оқушылар үшін артықшылықтары мен қиын тұстары жан-жақты талданады. Сонымен бірге авторлық бағдарламаның оқушылардың тұлғалық дамуына, мәдени-әлеуметтік көзқарасының кеңеюіне әсері талқыланады. Ұлттық мазмұнды тілдік мақсаттармен үйлестірудің қазіргі білім беру жүйесіндегі орны мен маңыздылығы ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.