Тарих сабағында Семей полигонын тарихын оқытуда ЖИ қолдану
Keywords:
Семей полигоны, тарихты оқыту, жасанды интеллект, цифрлық білім, тарихи сана, интерактивті әдістер, білім беру технологияларыAbstract
Бұл мақалада тарих сабағында Семей ядролық сынақ полигонының тарихын оқыту үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Семей полигоны – ХХ ғасырдағы ең күрделі әлеуметтік-экологиялық мәселелердің бірі болғандықтан, оны оқытуда деректердің көпқырлылығы, тарихи құжаттардың молдығы және оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту маңызды. Мақалада ЖИ негізіндегі құралдар (интеллектуалды чат-боттар, деректерді визуализациялау, интерактивті карталар, цифрлық мұрағаттармен жұмыс) арқылы тарихи ақпаратты жүйелеу, оқушылардың қызығушылығын арттыру және жеке оқу траекториясын қалыптастыру жолдары талданады. Сонымен қатар, ЖИ-дің тарихи деректерді талдаудағы рөлі, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға ықпалы және тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы көрсетіледі.
Зерттеу нәтижелері ЖИ қолдану оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, күрделі тарихи мәселелерді терең түсінуге мүмкіндік беретінін дәлелдейді. Мақала тарих пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге және білім беруді цифрландыру саласындағы зерттеушілерге арналған.
Сонымен қатар, мақалада жасанды интеллектті қолданудағы этикалық мәселелер мен тарихи шындықты бұрмаламау қағидаттарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.