ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КӨКСАЙ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Authors

  • Есимсеитова Асия 7М08615-«Су ресурстарын басқару» БББ магистранты, Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Тараз, Қазақстан

Abstract

Көксай өзеніндегі жасалатын шараларға бас суалғыш торабы және Жамбыл облысы Жуалы ауданының жер пайдаланушыларға су беруді қамтамасыз етуге әкімшілік қатысымен суғарылатын аудан жатқызылған. Бұл жүйе Тараз қаласының облыс орталығынан 84км тауетекті аймақта және Б.Момышұлы аудан орталығынан 42 км-де орналасқан. Көксай өзені Жуалы ауданының аумағындағы суғармалы жерлерді қоректендіретін негізгі су артериясына жатады.

Рельеф.

Жобаланатын объектілердің құрылыс телімдерінің геоморфологиялық құрылымы біршама қиындатылған. Келесі геоморфологиялық элементтер анықталған:

  • Көксай өзенінің арнасы және жайылма террасалары;
  • Көксай өзенінің жайылма асты террасасы;
  • Жоғарғы, «адыр» терраса.

Бұл геоморфологиялық элементтер адыр типті жер бедеріне жатады- оның су формалары, негізінен, ағын арналарымен құралған. Көксай өзенінің жайылма террасасы және арнасы жер бедерінде анық көрсетілген. Суалғыш құрылымның теліміндегі жайылманың ені 20м құрайды. Жер бедерінің геоморфологиялық элементтері заманауи аллювиалды малтатастар және құмдармен толтырылған.

Published

2025-05-26

How to Cite

Есимсеитова Асия. (2025). ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КӨКСАЙ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЖӘНЕ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (10). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/6292