Сөздік қор және оны білім беруде дамыту жолдары

Authors

  • Советбекова Гүлзат Думанқызы Студент, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Abstract

            К.Аханов “Тіл білімінің негіздері” еңбегінде сөздік құрам мен оның дамуына тоқталып өтеді. Ғалым “Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор” [1, 195] деген пікірді айта келе, сөздік қордың белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығын құрайтынын және оның төл сөздер, кірме сөздер, терминдер мен фразеологизмдерді қамтитынын көрсетеді.                 

         Еңбекте сөздік қор жалпылық, тұрақтылық, жиілік, көпфункционалдылық сынды қасиеттерімен сипатталған. Яғни, сөздік қор адамдардың білім деңгейін, мансабын, кәсібін талғамайды; ғасырлар бойы өмір сүреді; тілдік қатынаста үнемі қолданылады; барлық стильдер мен жанрларда жұмсалады.

        Сөздік құрам үнемі даму үстінде болады. Қоғам дамыған сайын жаңа ұғымдар пайда болып, оларды білдіретін сөздер (неологизмдер) жасалады. Бұл тілдің лексикалық жүйесінің толығуына әсер етеді. Сөздік құрамның дамуы – тілдің, ұлт руханияты мен мәдениетінің дамуының көрінісі.

       Кейде сөздік қордағы сөздер қолданыстан шығып, ескіруінен кірме сөздерге де айналып жатады. Осылайша, кірме сөздер қатары да толығады. Бұл үрдістен сөздік құрамның өзгеруі екі бағытта жүретінін аңғаруға болады.

            Жалпы, К.Аханов тілдің сөздік құрамын жан-жақты сипаттап, оның табиғи түрде өзгеріп, дамып отыратынын, сонымен қатар негізгі сөздік қордың тұрақты әрі әмбебап мәнге ие екенін ғылыми тұрғыда көрсетеді.

Published

2025-05-26

How to Cite

Советбекова Гүлзат Думанқызы. (2025). Сөздік қор және оны білім беруде дамыту жолдары. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (10). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/6283