Қырмызыгүл СО2 сығындысы негізінде косметикалық кремнің оңтайлы құрамын анықтау және технологиясын жасау
Keywords:
қырмызыгүл, косметикалық крем, СО2 сығындысы, өсімдіктерден алынған сығынды, тері аурулары, дерматозAbstract
Түйіндеме
"Тері ауруларын емдеуде қолданылатын Қазақстанның дәрілік өсімдік флорасы" ("Medicinal Plants of the Flora of Kazakhstan Used in the Treatment of Skin Diseases", 2023) жинағына сәйкес, тері – инфекциялар мен физикалық зақымданулардың алдын алатын орган. Қазіргі таңда тері ауруларының таралу деңгейі жоғары,ал әсері бойынша эндокриндік аурулармен теңестіруге болады. Солардың бірі – дерматоздар [1].
Дерматоз аурулары кез келген жаста, сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен пайда болуы мүмкін. Бұл аурулардың патологиясы адамда өмір бойы кездесуі мүмкін, ал кейде уақытша сипатта болады. Сонымен қатар, тері аурулары бөртпелермен және жиі түрде қышу сезімімен бірге жүреді, бұл өмір сапасын айтарлықтай төмендетіп, адамның денсаулығына кері әсер етеді. Осы тұрғыда, дерматозды емдеуде өсімдіктен алынған препараттар табиғи құрамымен, жанама әсерлердің аздығымен және қабынуға қарсы, антисептикалық, регенеративтік қасиеттерімен ерекшеленеді.
Статистикалық деректерге сәйкес әлемдік фармацевтикалық препараттар нарығында өсімдіктен алынған препараттардың үлесі 40%-ға артық. Соңғы жылдары Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, келесі он жылда фитопрепараттар жалпы дәрілік құралдардың 60%-дан астамын құрайтын болады. Сондықтан отандық дәрілік өсімдік шикізаттарынан дерматоздарды емдеуге арналған препараттарды жасау және зерттеу өзекті мәселе болып табылады [2].
Дәрілік препараттардың негізі ретінде өсімдік сығындыларын әзірлеудің басты бағыты – биологиялық белсенді заттардың максималды мөлшерін алу үшін ДӨШ-ті қайта өңдеудегі жаңа ресурсты үнемдейтін технологияларды дамыту және жетілдіру.
Осы ақпараттарды негізге ала отырып қырмызыгүл өсімдігінен сығынды алып, оның негізінде дерматозға қарсы косметикалық крем даярлау және оны медицина мен фармацевтика саласында қолдану өзекті деп санаймыз.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.