ІЛЕ ӨЗЕНІ АЛАБЫНДАҒЫ БАҚАНАС МАГИСТРАЛ КАНАЛЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ

Authors

  • Азанбай Жандос Советбекулы 7М08615-«Су ресурстарын басқару» БББ магистранты, Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Тараз, Қазақстан

Abstract

Іле өзені алабының гидрогеологиялық жағдайлары салыстырмалы түрде аз зерттелген; алаптың тек жеке бөліктері үшін ғана Қазақ геологиялық басқармасымен түзілген гидрогеологиялық карталар бар. Н.Г.Кассин [1], Б.К.Терлецкий [2,3] және У.М.Ахмедсафин [4,5] еңбектері ауданның гидрогеологиясын ашатын құрама жұмыстар болып табылады. Алматы гидрогеологиялық станциясы Іле аңғарындағы жер асты ағынының қалыптасуы жағдайын және жер асты суларының балансын зерттеу бойынша өте маңызды және қызықты жұмыстар жүргізеді. Осы жұмыстардың деректері бойынша Іле өзені алабының жеке бөліктерінің гидрогеологиялық жағдайлары олардың геологиялық құрылымы мен орографиясы ерекшеліктерімен анықталады, мұндай ерекшеліктер жер асты суларының әртүрлі жату жағдайын және циркуляциясын тудырады.

Іле өзені алабының әртүрлі бөліктерінде жер беті және жерасты суларының өзара қатынасы әрқилы болып келеді. Таулы ауданында өзендер жарықшақ суларын кәріздейді және солайша өзінің өтімін ұлғайтады. Таудан борпылдақ кесекті шөгінділер дамыған аймаққа шыға берісте өзендер өз суларының басым бөлігін инфильтрацияға жоғалтады. Борпылдақ кесекті шөгінділер дамыған аймақта жер беті суларының сүзілуі есебінен, кейбір жерлерде өте қуатты грунт сулары қалыптасады, олар таулы және жазықты жерлердің түйісу орнында жер бетіне бұлақтар ретінде шығып, Іле өзеніің орта ағысының екі жағасында да тұтас телімдерді батпаққа айналдырады. Өзен алабының орта және төменгі ағысында жер беті және жер асты сулары арасында белгілі бір гидравликалық байланыс бар, ол - тасқын жүру кезеңдерінде өзендегі су деңгейлері жоғары тұрақталып грунт суларының толысуы жүруі және саба уақытында өзендер грунт суларын кәріздейді немесе грунт суларна салыстырмалы бейтарап жағдайды, ұстануымен көрінеді.        

Published

2025-05-26

How to Cite

Азанбай Жандос Советбекулы. (2025). ІЛЕ ӨЗЕНІ АЛАБЫНДАҒЫ БАҚАНАС МАГИСТРАЛ КАНАЛЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (10). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/6250