Проблемалық оқыту физика сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде
Abstract
Қазіргі білім беру жүйесі оқушылардың танымдық, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталуда [1]. Әсіресе жаратылыстану бағытындағы пәндер, соның ішінде физика, логикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алады [3]. Физика сабағында табиғат құбылыстары мен заңдылықтарын түсіну арқылы оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасады. Бұл мақсатқа жету үшін оқытудың инновациялық тәсілдерін қолдану қажет [2]. Солардың бірі – проблемалық оқыту технологиясы [5].
Проблемалық оқыту оқушыларды дайын білімді қабылдаушы емес, оны ізденіс арқылы меңгеретін белсенді субъект ретінде дамытады [1]. Бұл тәсіл оқушыны ойлауға, зерттеуге, болжауға және шешім қабылдауға баулиды [2]. Физика пәнінің мазмұны мен құрылымы проблемалық жағдайларды ұйымдастыруға өте қолайлы [3]. Мысалы, «Жарықтың сынуы» немесе «Жарықтың толық ішкі шағылуы» тақырыптарында нақты өмірмен байланысты проблемалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың қызығушылығын оятуға болады [5]. Мұндай тапсырмалар оқушыларды тәжірибе жасауға, бақылау жүргізуге, нәтижесін талдауға жетелейді [3].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.