Жалпы білім беретін мектепте кіріктірілген физика сабақтарын қолданудың әдістемелік негіздері

Authors

  • Аққанатқызы И. КЕАҚ «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті», Физика мамандығының 4-курс студенті
  • Балтабеков А.С. ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Abstract

Мектептегі оқыту мен оқуды кіріктіру мәселесі теория мен практика үшін маңызды және қазіргі заманға сай. Оның өзектілігі мектепке қойылатын жаңа әлеуметтік талаптармен және ғылым мен өндіріс саласындағы өзгерістермен түсіндіріледі. Қазіргі білім беру жүйесі жоғары білімді және интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Мектеп оқушыларының дүниетанымындағы айырмашылықтардың бір себебі - пәндік олқылық пен экономика, саясат, мәдениет және ақпараттың қазіргі замандағы интеграциясына қызығушылықтың жоқтығы. Кіріктірілген сабақтар оқушыларға дүниенің жалпы бейнесін қалыптастыруға және табиғат құбылыстарының, қоғам мен жалпы дүниенің өзара байланысты екенін түсінуге көмектеседі. Кіріктіру-пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту тарихына көз жүгіртсек бұл идея Я.А. Коменскийден бастау алады. Я.А.Коменский өзара байланыста болғанның барлығын сол байланыста оқыту керек деп атап көрсетті. Кіріктіріп оқыту дегенде ең алдымен сабақтарда пәнаралық байланыстарды қалыптастыруды қарастыру маңызды екені ескеріледі. Кіріктірілген сабақтар оқытудың түрлі әдістерінің және құралдарының үйлесуі негізінде құрылып, сонымен қатар көптеген міндеттерді шешуге ықпал етеді. Оқыту тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс пен білім берудегі кіріктіруді педагогикалық – психологиялық әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар зерттеген. Олар бұл мәселенің философиялық, психологиялық, педагогикалық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қарастырды [1].

Published

2025-05-26

How to Cite

Аққанатқызы И., & Балтабеков А.С. (2025). Жалпы білім беретін мектепте кіріктірілген физика сабақтарын қолданудың әдістемелік негіздері. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (10). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/6239