Роберт Ганьенің оқыту технологисын физика сабақтарына енгізу бойынша әдістеме
Abstract
Қазіргі білім беру үдерісінде педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі жолдарының бірі болып табылады. Физика сияқты абстрактілі және логикалық пәндерде оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіру мақсатында әртүрлі әдістемелер қолданылады [1]. Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін оқыту технологияларын дұрыс таңдау маңызды. Соның бірі — Р.Ганье ұсынған модульдік оқыту моделі. Бұл технология оқушылардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға және білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған . Әсіресе, физика пәнінде, күрделі ұғымдарды түсіндіру барысында бұл модельдің маңызы зор. Роберт Ганье ұсынған оқытудың 9 кезеңі: бірініші - оқушылардың назарын удару (бірінші қалыптасқан ой) – сабақтың тақырыбына қызықтыра білу, оқушыларды ынталандыру; екінші- сабақтың мақсатын таныстыру (күтілетін нәтиже) – сабақтың мақсатын анық және логикалық түрде жеткізу білу; үшінші - бұрынғы білімін еске түсіру (артқа бір қадам) – оқушыларға өткен білімін еске түсіруге және жаңа сабақпен байланыстыруға көмектесу; төртінші -жаңа тақырыпты таныстыру (таңдауды қабылдау)-сабақтың материалын жеткізе білу;бесінші - оқушыларға бағыт бағдар беру (мысал көрсету) – сабақ материалын меңгеруге көмектесе білу; алтыншы -практикалық тапсырмалар беру ( тәжірибе) –оқушыларды тапсырмалармен және сабақ істеуге ынталандыру; жетінші - кері байланыс беру (пысықтау) – оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға көмектесу; сегізінші - бағалау (түзету) - оқушылардың дағдыларын бағалай білу; тоғызыншы - білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру (қорытындылау) – оқушылардың үлгерімі туралы кері байланыс жасай алуы [2].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.