Билікөл көлі ихтиофаунасының түрлік құрамы және қазіргі кездегі жағдайы

Authors

  • Есимов Болат Кабдушевич б.ғ.к., доцент ҚазҰПУ, Байғұтты Альфия, PhD докторант ҚазҰПУ, Балтабай Ербол, PhD докторант ҚазҰПУ

Abstract

Билікөл-Шу-Талас алабындағы көл, солтүстік кеңдікті-43°02'60'' шығыс ендікті-70°42'00'', теңіздің денгейдік үстінде-429 м орналасқан. Тараз қаласының солтүстік-батысында 70 км жерде, Қаратаудың солтүстік беткейіндегі тектоникалық ойыста орналасқан. Абсолюттік биіктігі 438 м. Аумағы 85 км2, ұзындығы 18 км, ені 7,5 км-ге дейін, ең терең жері 8 м. Жауын-шашын мол жылдары су көлі 182 млн. м3-ге жетеді. Суы тұщы. Билікөлге Аса өзені шығыс жағынан құйып, солтүстігінен ағып шығады. Жайпақ құм жағалауында қоға аралас қамыс өседі. Көл суын төңіректегі шаруашылықтар егіс суаруға пайдаланады. Желтоқсан айының екінші жартысында көл толығымен қатады. Мұздың тұрақтылығы орташа есеппен 120 күнге созылады, ал қалыңдығы 40 см-ден 60 см-ге дейін жетеді. Мұздың еруі наурыз айының екінші жартысында  басталады. Билікөл көлінің ерекшелігі жылдық орташа су толыуы тұрақсыздығы. Билікөл көлінің көктемгі көтерілуі сәуір айының 2- ші онкүндігіне сәйкес келеді, шарықтау шегі мамыр айының 3-ші онкүндігіне жетеді. Бұл мерзім балықтардың уылдырық шашу мерзімі болып саналады, сондықтан көктемгі су толуы жайылымдарды толтырып, балықтардың көбеюіне мүмкіндік туғызады.

Published

2024-04-01

How to Cite

Есимов Болат Кабдушевич. (2024). Билікөл көлі ихтиофаунасының түрлік құрамы және қазіргі кездегі жағдайы . Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (6). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/3225