ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕРДІ АЛГОРИТМГЕ (ҚАДАМДАРҒА) ЖІКТЕП ШЕШУ ӘДІСТЕМЕСІ
Keywords:
орта білім, математиканы оқыту, модельдеу, дифференциалдық теңдеулер, қолданбалы есептер, алгоритмAbstract
Дифференциалдық теңдеулерді оқу мен оқыту ғылымның барлық салаларында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Өзінің қолдану аумағы мен қолдану жиілігі танымал болуына қарамастан, оқыту және үйрену процесі әлі күнге дейін қиын және мектеп оқушылары меңгеруге тиісті болған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің соңғы тарауы. Зерттеу жалпы білім беретін мектепте дифференциалдық теңдеулерді оқытуды қарастыра отырып, оқыту барысында туындайтын проблемаларды анықтайды. Теңдеулерді (қадамдарға) бөліп шешімін табу білім алушылардың логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуға тигізер әсері көп. Дегенмен дифференциалдық теңдеулердің қолданбалы бағытына берілген есептерді қадамдарға бөліп шешімін табу дифференциалдық теңдеулерді үйретуде кеңінен қолданылмайды. Бұл жұмыстың мақсаты дифференталдық теңдеулердің қолданбалы бағытын оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығы және ойлау қабілетін арттыруда алгоритмдерге бөліп оқытудың әсерін эксперименттік түрде бағалау. Эксперимент 2 бөлімнен тұрады. 1) 11 -«А,Б,В,Г»сыныптарында оқитын 93 білім алушыларды екі топқа эксперименталды топ 11 -«А,Б» және бақылау тобы 11 -«В,Г» сыныптары бөліп алынды. Зерттеу жұмысы 3 оқу аптасына созылып, 7 сабақ және 2 емтихан жүргізілді. Эксперименталды топтарда дифференциалдық теңдеулердің қолданбалы бағытына берілген есептерді қадамдарға бөліп шешімін табу, бақылау топтарында дәстүрлі әдістермен шешімін табу үйретілді. 2) Эксперименталды топта болған 46 білім алушының білім сапасындағы өсім анықталды. Нәтижесінде теңдеудің шешімін қадамдараға бөліп есептеуді үйренген топ, бақылау топпен салыстырғанда бақылау жұмыстарын жоғары дәрежеде жазған. Зерттеу нәтижесі теңдеулердің шешімін қадамдарға бөліп табу білім алушылардың білім сапасын көтерілуіне тигізер әсері бар екені анықталды
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.