МЕКТЕП ФИЗИКА КУРСЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Authors

  • Спабек Бекболат 7М01506-Физика педагогтерін даярлау мамандығының 1 курс магистранты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті, (Қазақстан, Түркістан)

Keywords:

оқу – тәрбиелік зерттеу, физика курсы, мектеп оқушыларын зерттеу, теориялық және эмпирикалық әдіс

Abstract

Бұл мақалада орта мектеп оқушыларына физика курсын оқыту барысында зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру қарастырылған.

Ғылыми зерттеулерді өткізу үшін база ретінде Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы «№28 мектеп лицей» 9 сыныптары таңдап алынып, зерттеу өткізілді. Ғылыми- педагогикалық әдіс ретінде: теориялық және эмпирикалық әдістері, сауалнама әдісі, проблемалы оқыту әдісі, бақылау әдісі қолданылды.

Бұл зерттеу үшін мұғалімдерді де  оқушыларда оқу – тәрбиелік зерттеулерге алдын-ала дайындау қажет. Ал ең бастысы мектепте шығармашылық ізденіс атмосферасы болған жағдайда тиімді жүзеге асырылатын оқушының жаңа білім алуға, іскерлік пен дағдыны меңгеруге бағытталған шығармашылық ic-әрекетке араласуына жағдай жасай білу керек. Педагогикалық эксперимент барысында физикадан жалпы негізгі және толық орта білім берудің қолданыстағы стандарттарына сәйкес тақырыптық кешендер бойынша құрылымдалған эксперименттік тапсырмалар сынақтан өткізілді. Физикадан негізгі жалпы білім беруге арналған эксперименттік тапсырмалар кешендері келесі тараулар шеңберінде біріктірілген: «Физика және табиғатты зерттеудің физикалық әдістері», «Механикалық құбылыстар», «Жылу құбылыстары», «Электромагниттік құбылыстар». Физикадан орта (толық) жалпы білім беруге арналған тапсырмалар кешендері келесі бөлімдер шеңберінде біріктірілген: «Механика», «Молекулалық физика», «Электродинамика».

Зерттеу негізінде мектеп физика курсында физиканы оқытуда инновоциялық технологияларды ерекшеліктерін, зерттеуші қабілетін қалыптастыруда инновоциялық технологияларды қолданудың дидактикалық шарттарын және инновоциялық технологиялар негізінде оқытудың мазмұнын айқындадық.

Published

2023-12-18

How to Cite

Спабек Бекболат. (2023). МЕКТЕП ФИЗИКА КУРСЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (5). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/2694

Issue

Section

Physical and mathematical sciences