БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР

Authors

  • Арапбайқызы Н. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті магистранты, Алматы каласы, Қазақстан

Keywords:

танымдық қызығушылық, практикалық жұмыс, оқыту әдісі, эксперимент

Abstract

Қазіргі таңда оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту мәселесі теория мен практикада жаңалықты іздеуді талап етеді. Сонымен қатар осы мәселе бүкіл білім беру жүйесінің алдында, әсіресе мектеп алдында білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесі өте маңызды болып табылады. Педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі - оқушылардың танымдық қызығушылығын, олардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту және оқушыға еркіндік беру. Білім алушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың бірден-бір жолы практикадық жұмыстар. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты  сегізінші сынып оқушыларының биология сабақтарына деген қызығушылықтарына  практикалық жұмыстың әсерін зерттеу болды. Зерттеу жұмысы кезінде екі сыныптан сабаққа дейінгі тест пен сауалнама және сабақтан кейінгі тест пен сауалнама барлық 51 оқушылар үшін қолданылады. Тест пен сауалнама оқушыларға екі рет қолданылды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, практикалық жұмыстар соның ішінде эксперименттік оқыту әдісі кейбір биология сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға тиімдірек болды. Осылайша, зерттеу жоғары сынып биология мұғалімдеріне оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақтарында практикалық жұмыстарды көбірек жоспарлау ұсынады. Барлық мүдделі тараптар, соның ішінде оқу жоспарын жасаушылар жоспарлау процесіне қатысуы керек.

Published

2023-12-18

How to Cite

Арапбайқызы Н. (2023). БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (5). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/2688