ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА STEM ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Keywords:
STEM, STEM білім беру, физиканы оқыту, электр және магнетизмAbstract
Оқытудағы қолданбалы бағдарлылықты STEM негізінде тиімді іске асырудың қажеттілігі туралы сұрақ білім берудің дамуының барлық кезеңдерінде қарастырылған. Оқушы меңгерген білімдерінің жиынтығын күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетінде, кәсіби қызметіндегі іс-әрекетінде жоғары дәрежеде пайдалануы «Төртінші өнеркәсіптік революция» (Industry 4.0) талаптарының бірі болып табылады. «Төртінші өнеркәсіптік революция» жағдайында талаптарды тиімді орындау үшін оқушылардың бойында инженерлік іс-әрекеттерді дамыту қажеттілігі туындайды. Демен аталған өзектіліктер, ұсынылып отырған жобаның мақсатын айқындайды: физика сабақтарында «STEM» арқылы оқытуды екі аспект бойынша зерттеу. Біріншісі, сабақ алдындағы инженерлік дизайн идеялары мен оқу байланыстары және сабақтан кейінгі білім алушылардың оқу үдерісіндегі жетістіктеріне STEM-нің әлеуетін зерттеу. Екіншісі, зертеу жұмысының негізгі мақсаты мен идеясы: «Электр және магнетизм» бөлімін STEM негізінде қолданбалы бағдарлылықты арттыру жағдайында білімгерлерді оқыту – бірқатар теориялық материалдарды меңгеру ғана емес, сонымен қатар алған білімдерін өз бетінше күнделікті өмірде, инженерия, техника салаларында қолдана алу дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Зерттеу барысында физиканы STEM негізінде оқытудың қолданбалы бағдарлылығы саласындағы ғылыми әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде оның анықтамасы ұсынылды. «Электр және магнетизм» бөлімі мысалында болашақ физика мұғалімдерін оқытудың қолданбалы бағдарлылығын дамытуды STEM білім беру арқылы іске асыру негізінде оқушылардың инженерлік іс-әрекеттерін дамыту әдістемесінің функционалдық-құрылымдық моделі жасалды. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында білімгерлердің инженерлік іс-әрекеттерін дамытуда, оқу үдерісінің сапасын арттыруда және физика пәні мұғалімдері мен физика мамандарын қосымша даярлау институттарда, орта және жалпы білім беретін мекемелерде, колледждерде пайдалануға ұсыныс беріледі.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.