Түркістан облысы, Жетісай ауданы жағдайында мақтаның қоңыр көбелегіне (Heliothis armigera Hubn.) қарсы күресу шараларын ұйымдастыру

Authors

  • Әуелбек Баян Мадалбекқызы аға зертханашы
  • Тұрысбек Айжан Тұрарбекқызы аға зертханашы
  • Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласы

Abstract

Қазақстанда Республикасында басты көңіл бөліп отырған бағытының бірі ауылшаруашылық дақылдарының өнімдерін өз елімізде жоғары дәрежеде өндіру және оны жоғары бағада сату болып табылады. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып саналды. Мұнда мақта дақылын өсіруші шаруашылықтардың табысының негізгі көзі болып табылатын мақта дақылының егістері шоғырланған. Соныман қатар мақта дақылының талшығы еліміздің маңызды негізгі экспорттық тауары. Дегенменде, соңғы жылдары мақта дақылының талшығына деген сұраныс біршама бәсеңдеп келеді. Осыған байланысты шаруашылықтарда мақтадақылынан алынатын таза пайданы молайтуға оның негізгі бағасына емес, тек өнімділігін жоғарылату арқылы қол жеткізуге болатыны белгілі.

Түркістан облысы әлемдегі мақта шаруашылығымен айналысатын облыстың бірі және жыл сайын 400-450 мың тоннаға жуық шитті мақта өндіріп, орташа алғанда 20-22 ц/га өнімді, ал кейбір фермерлермен, шаруа қожалықтары мен кооперативтер 30-40 ц/га шитті мақта алынуда.

Топырақтың жоғары бөлімінде тіршілік ететін бунақденелілерді (бөжектері), оның ішінде кездесетін зиянкестер мен энтомофагтарды есептегенде, топырақ тұзақтары құрылды (0,5 л несе 0,2 л шыны банкілер); негізінде оларды топырақтың жоғары беткі қабатының шетімен бірдей етіп қазып, орналастырады. Құрастырған банкіге түскен бөжектерді қатыру үшін 2-4% тұз ерітіндісі қолданады.

Мақта қоңыр көбелегінің санын есепке алу әдістемесі. Көктемде себу басталғанға дейін, күздегі сияқты егістіктерге және соның маңындағы жерлерге, қыстаудан кейінгі зиянкес санын анықтау үшін зерттеу жүргізіледі. Қыстап шыққан қуыршақтарды есепке алу үшін жыртылмаған жерлерде 10 см тереңдікте, ал жыртылған жерлерде 20см-ге дейін тереңдікте өлшемдері 0,25м2 (50х50 см) болатын 20 топырақ сынамасын алады.

Published

2023-09-04

How to Cite

Әуелбек Баян Мадалбекқызы, Тұрысбек Айжан Тұрарбекқызы, & Жазкен Жиембаев. (2023). Түркістан облысы, Жетісай ауданы жағдайында мақтаның қоңыр көбелегіне (Heliothis armigera Hubn.) қарсы күресу шараларын ұйымдастыру. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (4). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/2088