ОҚУШЫЛАРҒА ЭПИКАЛЫҚ ЖАНРЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ТАНЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Authors

  • Елубаева Миршат Сайлаубекқызы п.ғ.к., доцент, Қазақстан, М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ
  • Елубаева Рахат Сайлаубекқызы п.ғ.к., доцент, Қазақстан, Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ

Abstract

Эпос» грекше epos - баян, әңгімелеу, тарихтап айту - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді:

1) Шағын көлемді эпикалық түр;

2) Орта көлемді эпикалық түр;

3) Кең көлемді эпикалық түр" [1,Б. 308-309].

Шағын көлемді эпикалық түрде өмір шындығының ықшамдалған бір, бірер ғана эпизотын қамтиды. Кейіпкерлері аз, оқиға желісі қысқа, шағын, жинақы етіп суреттелген. Көлемі шағын, құрылымы жинақы келеді. Оларға: миф, әңгіме, аңыз, ертегі, мысал, новелла, очерк, фельетон, памфлет, эссе жатады. Әдебиеттің ежелгі жанрларының бірі - мысал. Мысал адамның моральдің қасиеттерін жоғары қойып, адамгершілікке қарама-қарсы (адамның мінез-құлқындағы ұнамсыз жайларды, қоғамдағы кемшіліктерді) көріністі астарлап, ишарамен тұспалдап (аллегориялап) сынайды. Мысал жанрының композициясынан көрінетін ерекшеліктері (өзіндік белгілері):

а) ұнамсыз жайларды әшкерелеп, адамгершілікке уағыздау;

ә) мысалдың негізгі кейіпкерлері астарлы түрде жан-жануарлар немесе әртүрлі заттар бейнесінде перделеніп, аллергориялық тәсілде бейнелеу;

б) тілі ирониялы өткір болып айтылуы;

         в) мысалдың кейбір элементтері мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, күлдіргі әңгімелерде, шешендік және нақылдарда ұшырауы.

Published

2023-05-22

How to Cite

Елубаева Миршат Сайлаубекқызы, & Елубаева Рахат Сайлаубекқызы. (2023). ОҚУШЫЛАРҒА ЭПИКАЛЫҚ ЖАНРЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН ТАНЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (3). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/1584