ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ОРНЫ
Abstract
Логика термині жалпы грек тілінен аударғанда «logos» — «сана», «ой», «ұғым» деген мағынаны білдіреді. Логика философияның нормативті , ойлаудағы сәйкестік критерийіне, ой тұжырымдау ұстанымдарына қатысты саласы. Логика соңғы нәтижемен емес тек пайымдау процесімен ғана айналысады.
Логикалық ойлау тек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады және ойлаудың дамуының жоғарғы сатысы болып табылады. Бұл сатыға жету – ұзақ және күрделі процесс, толыққанды логикалық ойлауды дамыту ақыл-ой қызметінің белсенділігін талап етіп қана қоймайды, сонымен қатар заттар мен құбылыстардың жалпы және жекелеген белгілері туралы негізгі білімі болуын қажет етеді.
Логикалық есептерді шығарудағы мақсат – логикалық жаттығуларды орындауда білімгердің ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың ең ұтымды тәсілін анықтау. Еліміздің жарқын болашағын қалыптасттыратын азаматтардың ұшқыр ойлы болып қалыптасуына мектеп математика курсында логикалық есеперді шығаруды дамыту арқылы камтамасыз етуіміз қажет деп санаймыз.
Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттің бір түрі – логикалық ойлау тәсілдерін қалыптастыру. Танымның әмбебап математикалық әдістері дүниені тұтас қабылдауға ықпал етеді, жеке процестер мен құбылыстардың модельдерін құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар әмбебап болуды қалыптастыруға негіз болады.