САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНА (RANUNCULACEAE) ЖАТАТЫН ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Authors

  • Нұрланқызы Ақмарал Биология-«7М01505» ,1 курс магистранты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.
  • Мукашева Д.М. PhD, оқытушы-дәріскер, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.

Keywords:

дәрілік өсімдіктер, сарғалдақтар тұқымдасы, биологиялық белсенді заттар, алкалоидтар, флавоноидтар, неврологиялық аурулар, халық медицинасы

Abstract

Мақалада құрамында алкалоидтары бар сарғалдақтар тұқымдасына (Ranunculaceae) жататын өсімдіктердің Жетісу Алатауы мен Іле Алатауында кездесетін түрлері, дәрілік қасиеті мен қандай мақсатта емдеуге қолданылатыны туралы баяндалған. Қазақстанда кездесетін көктем жанаргүлі (Adonis vernalis L.), ақезу бәрпі (Aconitum leucostomum Worosch.), жоңғар уқорғасыны (Aconitum soongaricum Stapf.), биік тегеурінгүл (Delphіnіum elatum L.), төржеміс тегеурінгүл (Delphinium dictyocarum Dc.),  күмән тегеурінгүл (Delphinium confusum M. Pop.), батпақ қалтагүлі (Caltha palustris L.), алтай күнгелдісі (Trollius altaicus С.А.Меу.), сарғылт құндызшөп (Pulsatilla flavescens Juz.), сасық маралоты (Thalictrum foetidum L.), даур қандалашөп (Cimicifuga dahucica Maxim), жай маралоты (Thalictrum simplex L.), т.б. түрлерінің фармакологиялық қасиеттері кең спектрлі.

Published

2023-05-22

How to Cite

Нұрланқызы Ақмарал, & Мукашева Д.М. (2023). САРҒАЛДАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫНА (RANUNCULACEAE) ЖАТАТЫН ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ. Theoretical Hypotheses and Empirical Results, (3). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/THIR/article/view/1523