JUNIPERUS VIRGINIANA L. АҒАШЫНДАҒЫ МИКРОМИЦЕТТЕРДІҢ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙҒА ӘСЕРІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
Keywords:
Juniperus virginiana L., микромицеттер, фитосанитарлық жағдай, фитопатология, қылқан жапырақты ағаштар, зерттеушілік оқыту, фитосанитарлық диагностика, биологиялық білім беру, микология, интродуцент өсімдіктер, зерттеушілік құзыреттілік, экологиялық мониторингAbstract
Мақалада Juniperus virginiana L. ағашындағы микромицеттердің фитосанитарлық жағдайға әсерін кешенді бағалау мәселесі қарастырылды. Зерттеу жұмысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 3-курс білімгерлері арасында жүргізілді. Зерттеуге жалпы 46 білімгер қатысып, олар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Зерттеу барысында критериалды диагностикалық бағалау әдісі қолданылып, теориялық-танымдық, практикалық-зерттеушілік және аналитикалық-интерпретациялық критерийлер бойынша білімгерлердің дайындық деңгейі анықталды. Эксперименттік топта Juniperus virginiana L. ағашындағы микромицеттердің фитосанитарлық жағдайын зерттеуге бағытталған арнайы зерттеушілік тапсырмалар жүйесі енгізілді. Нәтижесінде эксперименттік топта барлық критерийлер бойынша жоғары деңгей көрсеткіштерінің едәуір артқаны анықталды. Зерттеу нәтижелері фитопатологиялық және микологиялық зерттеу элементтерін оқу үдерісіне енгізу білімгерлердің зерттеушілік құзыреттілігін, аналитикалық ойлауын және ғылыми интерпретациялық қабілеттерін дамытуда тиімді екенін көрсетті
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.