ЖАЛПАҚ ЖАПЫРАҚТЫ АҒАШТАРДЫҢ ҚОРҒАНЫС МЕХАНИЗМДЕРІН ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Keywords:
функционалдық сауаттылық, жалпақ жапырақты ағаштар, қорғаныс механизмдері, фитосанитарлық зерттеу, электронды оқу құралы, зерттеушілік оқыту, биологиялық білім беру, тәжірибелік-бағдарлы оқыту, білімгер, фитосанитарлық диагностикаAbstract
Мақалада жалпақ жапырақты ағаштардың қорғаныс механизмдерін зерттеу арқылы білімгерлердің функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесі қарастырылды. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-3 курс білімгерлері арасында жүргізілді. Зерттеуге 62 респондент қатысты. Зерттеу барысында фитосанитарлық зерттеулерге негізделген арнайы электронды оқу құралы әзірленіп, оқу үдерісіне енгізілді. Білімгерлердің функционалдық сауаттылығы когнитивтік, практикалық-зерттеушілік, аналитикалық, функционалдық-қолданбалы және рефлексивтік критерийлер бойынша бағаланды. Зерттеу нәтижелері электронды оқу құралын қолдану білімгерлердің зерттеушілік белсенділігін арттырып, теориялық білімді тәжірибелік жағдайда қолдану, фитосанитарлық белгілерді талдау және ғылыми қорытынды жасау дағдыларын дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Алынған нәтижелер фитосанитарлық бағыттағы тәжірибелік оқытудың функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы тиімділігін дәлелдейді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.