Қазақ қоғамының тарихында билер институтының рөлін оқытудың әдістемелік негіздері
Abstract
Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешкен халқымыздың өзіндік басқару жүйесі де болған: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын ойлаған шешендері, әділдіктің ақ туын түсірмеген білімпаз билері өткен. Билер халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы болған. Бұл тұлғаның ерекшелігі сонда, биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділдікті сақтап, қара қылды қақ жарып айтатын парасатты адамдар көтерілген. Биге табиғи дарын, текті ақыл, алыстан көріп, барлай алатын, оны зерделей білген дана, сөздің «майын» ағызатын дүлдүл шешендер жатқан. Міне, осы би ұғымының мәнін ашатын: «Түгел сөздің түбі – бір, Түп атасы – Майқы би», деген сөз тарихта қалған [1]. «Билер институтының» құқықтық бастаулары ерте кезде пайда болғандықтан оны зерттеу үшiн оның пайда болуын, қалыптасуын, дамуын белгiлi бiр кезекте кезең-кезеңге бөлiп қарастыруды қажет етедi. Бұның өзi әр кезеңдегi, дәуiрдегi билер институтының ерекшелiктерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Тарихи институттарды, тұлғаларды зерттегенде оларды өмiр сүрген нақтылы дәуiрдiң шеңберiнде қарастыру әр зерттеушiге шарт болып табылады. Себебi, сол дәуiрдегi саяси, құқықтық, экономи-калық, әлеуметтiк қарым-қатынастардың ерекшелiгiн, деңгейiн ескер-iп барып қана зерттеу нысанының iшкi табиғатын, құбылысын ойдағыдай ашып көрсетуге болады. Зерттеудегi осы бiр ерекшелiктi академик С. Зиманов былай айтады: Өткен дәуiрде өмiр сүрген қайраткерлердiң көзқарастарын зерттеудiң өзiне тән қиыншылықтары бар. Қиындық-қайраткер өмiр сүрген және туындылар жасаған сол дәуiр мен кезеңнiң бiртұтастық көрiнiсiн азды-көптi болса да қалпына келтiру, өзiне қоғам дамуының бағытын және қажеттiлiгiн ұғынуы, атап айтқанда, әлеуметтiк қатынастар саласында, саясатта және идеологияда. Сомдап айтқанда, зерттеушi тарихқа кiруi қажет. Бұл оңай мiндет емес. Бiрақ, мұндай түсiнiксiз өткен құбылысты (құбылыстағы А.Н.) нақтылы-тарихи ыңғай туралы айту қиын-ақ. Кейде бiзден алшақта қалған қоғамдық-саяси қайраткерлерге баға беруде сол кезеңнiң тарихын және жағдайларын зерттемей, бiлмей ынта бiлдiретiн фактiлермен де кездесiп қаламыз. Осыдан мәселелердi ашуда субъективизм және догматика туындайды [2].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.