АҚЫН ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ ПОЭЗИЯСЫ («Сұлубайдың әні» кітабынан ой-түйін...)

Authors

  • Еркегүл Шаймардан АРЫҚҚАРАҚЫЗЫ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты

Abstract

ХІХ ғасыр соңы, ХХ ғасыр әлем қазақтары тарихында қарама-қайшылыққа толы күрделі кезең.

Бұл тұста Қазақ жері сталиндік ұжымдастыру салдарынан, ашаршылыққа ұшырап, 1,5 миллион қазақ өздерінің байырғы атамекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Ал осы кезде шекаралас Қытай еліндегі қандастарымыз да ұлттың азаттығы жолында жан алып, жан беріскен күреске толы қиын-қыстау кезеңді бастарынан өткеріп жатты.

Туған халқының бостандығы  жолында отарлаушы империяларға қарсы күрескен  Оспан батыр Ісләмұлы, Зуқа батыр, ақын әрі батыр Сұлубай Сапыұлы т.б бейнелерінің қазақ поэзиясында сомдалуы мен Ұлт-азаттығы жолындағы күрес тақырыбын бүгінгі күн мәселелерімен байланыстыра зерттеу,  оның қоғамдық-саяси мәні туралы мәселе көтеру мақаланың өзектілігін танытады.

Ақын Ғалым Жайлыбай «Сұлубайдың әні», «Өр Алтай мен Тәңіртаудың арасы» аталатын туындылары арқылы Қытайда өмір сүріп жатқан қазақтардың басынан өткен сындарлы жылдар туралы мәселені көтерген қаламгердің бірі. Ақынның өзі ол жайында: «Қытайдағы қазақ мәселесі... Жалғыз қазақ емес, аз ұлттар жағдайы. Екі-үш жылдың көлемі болды бізге жетіп жатқан түрлі хабарлар жаныңды жылатады, жүрегіңді сыздатады.

Published

2022-11-05

How to Cite

Еркегүл Шаймардан АРЫҚҚАРАҚЫЗЫ. (2022). АҚЫН ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ ПОЭЗИЯСЫ («Сұлубайдың әні» кітабынан ой-түйін.). Scientific Research and Experimental Development, (1). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/SRED/article/view/233