ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕР

Authors

  • Б. М. Кадырова ф.ғ.к., профессор Торайғыров университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.

Abstract

Мақалада қазақ тіліндегі әскери терминдердің лингвистикалық сипаты қарастырылған. Терминологияның басқа салаларына қарағанда құрамы мен құрылымының өзіндік ерекшелігі бар әскери терминология қазіргі қазақ тіл біліміндегі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Әскери терминдер – лингвистикалық тұрғыдан арнайы ұғымдарды дәл білдіру үшін және әскери білім-ғылым саласында қолданылатын арнайы тілдік қолданыстар. Қазақ лексикасының көлемді бір саласын қамтитын  әскери терминдерді зерттеп, тілдік тұрғыдан ғылыми тұжырымдар жасау қажет. Себебі әскери терминдер қазақ лексикасының үнемі толығып отыратын көлемді бір саласы екені белгілі.

Мақалада қазақ әскери терминдерінің зерттелу тарихына шолу жасалады. Он тоғызыншы ғасырдан бастап жариялана бастаған алғашқы сөздіктер мен ілгері-кейінді жазылған ғылыми зерттеулердің әскери терминология саласын қалыптастырудағы үлесі сараланады.

Қазақ тіліндегі әскери терминдер құрылымдық-семантикалық тұрғыдан талданып, құрылымы бойынша әскери терминдердің бір компонентті және көп компонентті болып бөлінетіні, көп компонентті терминдердің саны бір компонентті терминдердің санынан көп екені ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, мысалдар арқылы дәлелденеді.

Қазақ тіліндегі әскери терминдердің сөзжасамы қарастырылып, әскери терминдердің терминжасамның түрлі тәсілдері негізінде үздіксіз дамып келе жатқаны және әскери терминдердің жасалуында синтаксистік әдістің активтілігі анықталады.

Кілтті сөздер: әскери терминдердің зерттелуі, әскери термин, әскери терминдердің құрылымы, әскери терминология, терминжасам

Published

2022-11-05

How to Cite

Б. М. Кадырова. (2022). ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӘСКЕРИ ТЕРМИНДЕР. Scientific Research and Experimental Development, (1). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/SRED/article/view/214