ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАНБЕТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-ПОЭТИКАЛЫҚ ӘЛЕМІ

Authors

  • Батенова Альбина Қобыландықызы филология факультетінің магистранты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы

Abstract

Жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың шығармаларына тереңнен бойлау арқылы тыңнан және талғаммен жазылған қаламгерлік шеберлікті анық байқай аламыз. Прозасындағы көркемдік шындық пен идеялық ұстанымның үндестігі жазушының оқырманға ой салатын шығарманы тудыратынымен ерекше. Әсіресе, ең негізгі ерекшелік ретінде жазушы тақырыпқа адал, өзіндік айтар ойы бар, өмірден алынған оқиғаны ғана жазатыны шығармасынан сезіліп тұрады. Т.Нұрмағанбетов жазған дүниесін үнемі жаңашыл ой-толғамдарымен, өзгеше амал-тәсілдерімен байытып, туындысын тұңғиық тұнығынан тазартып, шығарма кеңістігін кеңейтіп отырады.

«Бала кезінде оның «Жалғыз ағашқа» қашқысы келетін... Бұл ой әуелде алыстағы әке-шешесін, қарындастарын сағынышпен есіне алып отырған кезде келе қалды да, баланың санасынан қайтып шықпай қойды.

Қатар балаларға ренжісе де, мұғалімдердің бірі көңіліне тие қалатындай сөз айтса да, тіпті өз-өзінен торыққан сәттерде де, ол «Жалғыз ағашқа» қашқысы келетін. Осылай етсе мауқы басылып, көңілі орнына түсетіндей... Осылай етсе жұртты күтпеген тұстан сүріндіретіндей болады да тұрады. Өзгелерге қашып баратын жері, мұңын тыңдап, сөзін сөйлейтін жандардың бар екендігін білдіру арқылы сес көрсеткендей болады» [1, 306-307].

«Жер иісі» романында жазушы кейіпкердің кіршіксіз пәк сезімі мен уыздай ақ көңілін бір ғана ойға сыйғыза білген. Қаламгер бір қарағанда қарапайым ғана дүниелерді қаузағандай болып көрінетін шығар. Алайда жазушының әрбір әңгімесінің өзі үлкен мәнге ие. Жоғарыда берілген үзіндіде қаламгер оқырманға адам бойындағы жалғыздық, жалығу, өмірден түңілу, жатсыну сынды қасиеттерді астарлай бейнелеп, оны мейірлене отырып жеткізіп, әр оқиғаны кейіпкердің жан-дүниесін ақтарғандай етіп шынайы суреттейді. Ал бұл романның көркемдік-поэтикалық әлемінен тұңған сағыныш сезімі өң бойынан көрініс тапса, идеялық мазмұны қоғамдағы әлеуметтік оқиғаны айтыла бермейтін шындықты байыпты жеткізумен дараланады.

Published

2024-04-14

How to Cite

Батенова Альбина Қобыландықызы. (2024). ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАНБЕТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-ПОЭТИКАЛЫҚ ӘЛЕМІ. Scientific Results, (6). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/SR/article/view/3383

Issue

Section

Philological Sciences