ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӨПЖАҚТАРДЫҢ ҚИМАЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕРДІҢ РӨЛІ
Abstract
Бұл мақалада жоғары сынып оқушыларына көпжақтардың қималарын оқытуда қолданбалы есептердің рөлі қарастырылады. Геометрия курсындағы күрделі тақырыптардың бірі болып табылатын көпжақтардың қималарын меңгеру оқушылардан кеңістіктік ойлау қабілетін, логикалық талдау дағдыларын және графикалық сауаттылықты талап етеді. Осы тұрғыда қолданбалы есептерді пайдалану оқу процесін жандандырып, теориялық білімді нақты өмірлік жағдайлармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мақалада қолданбалы есептердің мәні, олардың оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы маңызы және кеңістіктік елестету қабілетін дамытудағы тиімділігі талданады. Сонымен қатар, көпжақтардың қималарын оқытуда қолданылатын есептердің түрлері жүйеленіп, оларды сабақ барысында тиімді енгізу жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері қолданбалы есептерді жүйелі түрде қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетеді
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.