ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • Г.Д.Рахимова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті, Философия ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы, Қазақстан

Keywords:

Салыстырмалы әлеуметтану, Салыстыру әдісі, Дж.С.Миллдің ғылыми индукциясы

Abstract

    Мақалада салыстырмалы әлеуметтану пәнінің ерекшеліктері қарастырылады. Пәнді игеру барысында алдымен пәннің өзіндік ерекшеліктеріне терең бойлай отырып оқытылуы жөніндегі пікірлерді автор алға тартады. Көптеген ғылым салаларында, әсіресе, ғылыми-жаратылыстанулық, ғылыми-әлеуметтік және гуманитарлық салаларда зерттеу барысында бірінші қолданылатын салыстырмалы әдістің салалар бойынша ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Соның ішінде Дж.С.Миллдің ғылыми индукция әдісінің социологияда қолдану ерекшеліктерін ашып көрсетуге талпыныс жасайды. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын зерттеуші-ғалым алдымен нені және қалай талдайтынына анализ жасауы керектігі басты назарда болуын атап көрсетеді. Әлеуметтік ғылымдарда салыстырмалы зерттеулер жүргізу әлдеқайда қиынырақ. Қоғам мәселелерін зерттеуші қоғамның өзгермелілігіне мән беруі тиіс және бұл зерттеу объектісінің де өзгерісі екенін білдіреді. Миллдің зерттеу әдістері эксперименталды ғылымдардың тәжірибелеріне сәйкес келеді. Социология ғылымдарында оны қолдану жұмыс барысында біршама қиындықтарға әкеледі. Себебі қоғам әрдайым өзгерісте. Қоғамдық өзгеріс әлеуметтік прогрессте де өз сипатын көрсететіні зерттеу объектісінің тұрақсыздығын білдірсе керек деген тұжырымды автор алға тартады.

Published

2026-04-06

How to Cite

Г.Д.Рахимова. (2026). ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . Research Retrieval and Academic Letters, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RRAL/article/view/8184