БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Keywords:
ғылыми дүниетаным, биологиялық білім беру, жасанды интеллект, цифрландыру, метатаным, холистикалық парадигма, когнитивті ассистентAbstract
Зерттеуде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының жаратылыстанулық білім беру мазмұнын трансформациялаудағы және білім алушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы методологиялық әлеуеті негізделеді. Қазіргі цифрландыру жағдайында биологиялық білім беру процесі ақпараттық репродукциядан әлемнің біртұтас бейнесін құраушы когнитивті модельге ауысуды талап етеді. Жұмыста ЖИ құралдарын (интеллектуалды чат-боттар, нейрожелілік модельдеу) пайдаланудың білім алушының метатанымдық дағдыларын дамытуға және теориялық білімді жеке сенімге айналдыруға әсері талданады. Нәтижесінде, ЖИ технологияларын «субъект-объект» қатынасынан «субъект-ассистент» моделіне көшудің тиімді тетігі ретінде пайдаланудың ғылыми-педагогикалық маңызы дәлелденеді
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.